Сұйытылған газдың шекті бағасын көтеру жоспарланып отыр

752

Бұйрық жобасын Энергетика министрлігі дайындаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.     

Сұйытылған газдың шекті бағасын көтеру жоспарланып отыр

Онда ішкі нарықта тауар биржаларынан тыс сатылатын сұйытылған мұнай газының шекті бағасы ҚҚС-сыз тоннасына 33 600 теңге мөлшерінде бекітілетіні айтылған. Баға 2022 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығында сұйытылған мұнай газының шекті құны ҚҚС-сыз тоннасына 28 000 теңге мөлшерінде бекітілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу