Сұйытылған мұнай газы қажетті көлемде қамтамасыз етіледі

1177

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-де каталитикалық крекинг қондырғысының істен шығуына байланысты сұйытылған мұнай газын өндіру жүзеге асырылмайды.  

Сұйытылған мұнай газы қажетті көлемде қамтамасыз етіледі

Зауыттың ақпараты бойынша жабдықтың жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін жалғасады.

Осыған байланысты Энергетика министрлігі ағымдағы жылдың наурыз айына сұйытылған мұнай газын жеткізудің түзетілген жоспарын қалыптастырды, онда осы зауытқа бекітілген өңірлер басқа зауыттардың ресурстарына қайта бөлінді.

Атап айтқанда, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары және Нұр-сұлтан, Алматы қалалары "ПетроҚазақстанОйлПродактс" ЖШС-не қайта бағытталды, Қостанай және Маңғыстау облыстары "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-на қайта бағытталды, Атырау облысы "Теңізшевройл" ЖШС-не және Батыс Қазақстан облысы "Жайықмұнай"ЖШС-не қайта бағытталды.

Қазіргі уақытта жеткізудің түзетілген жоспарына сәйкес газ желісі ұйымдары мен жеткізуші зауыттар арасында шарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, өңірлердің сұйытылған мұнай газына қажеттіліктері қажетті көлемде қамтамасыз етілетін болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу