Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым 6 айға ұзартылады

457

Қазақстанның Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын елден шығаруға тағы 6 айға тыйым салды.  

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым 6 айға ұзартылады Фото: inbusiness.kz

Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" порталында (нормативтік-құқықтық актілер) жарияланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропанды және бутанды автомобиль және теміржол көлігімен елден шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынды, алайда рұқсат етілетін бірқатар жағдайлар бар:

1) өнімді бөлу туралы келісім не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан жасалған (өңделген) тауарларды әкетуге;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басталатын және аяқталатын өткізілетін транзиттік тасымалды.

Бұйрық мақұлданып, қол қойылған жағдайда сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым 2024 жылғы 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу