Сұйытылған мұнай газының бағасы өсе ме? – Энергетика министрі пікір білдірді

302

"Теңізшевройл" компаниясы ішкі нарыққа айы сайын қосымша 20 мың тонна бөлетін болды. 

Сұйытылған мұнай газының бағасы өсе ме? – Энергетика министрі пікір білдірді Фото: canva.com

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте сұйытылған мұнай газының бағасы көтеріле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бастапқыда сұйытылған мұнай газының бағасы шамалы өседі деп болжаған едік. 5-7 теңгеге өсім болатыны айтылды. Осы мұнай өніміне деген жалпы ішкі нарықтың қажеттілігін өтеуге бағытталдық. Бірақ та, ТШО (ред. – Теңізшевройл) компаниясымен бірге тиімді келіссөз жасастық. Олар айына қосымша 20 мың тоннаға дейін сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа бөлетін болды. Сұйытылған мұнай газының экспортына толығымен тыйым салдық. Нарықтағы жағдайға бақылау жүргізіп отырмыз. Ондағы жағдайға қарай сұйытылған мұнай газының бағасын көтеру бойынша шешім қабылдайтын боламыз", - деді ведомство басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу