Sukhoi SuperJet 100 ұшағы соңғы 8 жылда 30 рет апатты жағдайда қонған

1055

Мурманскіге қарай  ұшып шыққан  SSJ-100 жолаушылар ұшағы  Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонды. Өрт салдарынан 41 адам мерт болды.

Sukhoi SuperJet 100 ұшағы соңғы 8 жылда 30 рет апатты жағдайда қонған

Sukhoi SuperJet 100 ұшағының тарихындағы бұл алғашқы апат емес! Осыдан тура 7 жыл бұрын SuperJet әуе көлігі Индонезияның Салак тауына соғылып, жарылып кеткен еді. Лайнердің бортында болған 45 адамның барлығы көз жұмған. Дәл сол жылы Еуропаның авиация қауіпсіздігі агенттігінің тиісті сертификатын алғанын айта кетейік.

Негізі, әуе көлігінен техникалық ақау жиі шығып тұрады. Соңғы 8 жылда 30-ға жуық, ал биыл 3 рет төтенше жағдай тіркеліпті. Мысалы, наурыз айында Грекияға бет алған "Аэрофлот" ұшағының алдыңғы терезесі шытынап кеткен. Соның кесірінен Шереметьево әуежайына қайта оралуға мәжбүр болыпты. Ал ақпан айында Прагаға жол тартқан көлікте "гидрожүйенің төменгі деңгейін" көрсеткен датчик дабылы қосылғандықтан, Мәскеуге қайта айналып, апатты жағдайда қонған. Былтыр шассиі ашылмай қалып, жолаушылардың үрейін ұшырған. Бұл ұшақ апатты жағдайларға жиі ұшыраса да, отандық компаниялар арасында сұранысқа ие.

Айталық, 2015 жылы қазақстандық SCAT әуекомпаниясы аталған көліктердің 15 данасын жалға алатындығы хабарланған еді. Сондай-ақ Bek Air

әуе тасымалдаушысы SS100-дің 7 бірлігін сатып алу жөнінде келісімге қол қойылғандығы жария болған-ды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу