Сүлеймен Демирел атындағы университет 297 оқу гранты мен жеңілдік ұсынады

1152

Сүлейман Демирел атындағы Университет еліміздің барлық аймағындағы білімді де алғыр жастарға 4 жылдық оқу гранттары мен жеңілдіктер бөліп отыр деп хабарлайды inbusiness.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.  

Сүлеймен Демирел атындағы университет 297 оқу гранты мен жеңілдік ұсынады Фото: univery.kz

Осымен тоғызыншы жыл қатарынан өткізіліп отырған олимпиадаға еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында бір уақытта өткізілетін болады. Биыл да өз жалғасын тапқан игі бастама арқылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектеп пен колледж түлектерін арнайы SPT олимпиадасы арқылы іріктеп, озық шыққан жастарға жалпы саны 297 оқу гранты мен жеңілдік ұсынады.

Айта кетейік, SPT (SDU Proficiency test) – Сүлейман Демирел университеті ұйымдастыратын Қазақстанның барлық мектеп пен колледж түлектеріне арналған. Негізгі мақсаты – талапкерлерге болашақта мамандық таңдауға көмектесу және түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсету. Олимпиада да әрбір оқушы таңдаған бағыты бойынша (Физика, География, Химия-биология, Ағылшын тілі, Әдебиет, АҚҚ, Биология, Тарих, Информатика)  өз білімін көрсете отырып, СДУ-дің ішкі гранты мен жеңілдіктеріне ие бола алады.

Биылғы жылы Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

  • І кезең – онлайн (50 логикалық сұрақ);
  • ІІ кезең – офлайн (таңдау пәні бойынша 100 сұрақ).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу