Сүлеймен Демирел университетінде бомба бар деп хабарланды

236

 Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.  

Сүлеймен Демирел университетінде бомба бар деп хабарланды Фото: видео скриншот

Сүлеймен Демирел университетіне бомба қойылды деген хабар түсуіне байланысты студенттер сыртқа шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сүлеймен Демирел университеті әкімшілігі облыстағы бірнеше ұйымға лаңкестік әрекет ықтималдығы туралы хабарлама түскенін нақтылады.

"Қазір құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатқанын, барлық қауіпсіздік шаралары қабылданғанын атап өткіміз келеді. Бұл шара біздің қауымдастықтың бүкіл мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Студенттеріміздің, қызметкерлеріміздің және келушілеріміздің қауіпсіздігі біз үшін бәрінен маңызды" деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ университеттің баспасөз қызметі қазіргі уақытта ешқандай қауіп жоқ екенін сөз етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу