Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "Будапешт су арнасы" ЖАҚ аймақтық директоры Янош Гомбасегимен кездесу барысында компанияның сумен жабдықтауды жүйенің төзімділігі жағынан да, жеткізу кезіндегі ысыраптың аздығы есебінен де жақсарту жүйесін енгізуде 40 жылға жуық тәжірибесі барлығын білді.
Компанияның Еуропадағы ең ірі кәріздік-тазарту стансасы бар. Ол су тазарту кезінде 1,6 миллион адамға шақ биогаз өндіреді. Жүйе күніне 330 000 текше метр су тазартады. Гомбасегидің айтуынша, компания кешенді түрде қала, шағын елді мекен тұрғындарына, өнеркәсіптік кәсіпорындарға су жеткізу мәселесін шешеді. Қашықтан басқарылатын өздері жасаған мобильдік су тазарту жүйесі бар. Ол дүлей апат кезінде пайдалануға қолайлы, екі мыңнан 20 мыңға дейінгі адамды сапалы ауызсумен қамтамасыз етеді. Бұл ретте жүйе ақырғы тұтынушы үшін сапаны төмендетпей, рекордтық аз тарифпен жұмыс істейді. Қазіргі уақытта компанияның Қазақстанға жергілікті атқарушы органдармен және орталық мемлекеттік органдармен жұмыс істеу үшін келу сапары пысықталу үстінде.
Бұдан әрі, "Creatio" компаниясының тең негізін қалаушыға министр ҚР үкіметінің Түркістан облысын дамыту жоспары туралы баяндады. Ол сондай-ақ шетелдік инвесторларды қолданыстағы тарифтер мен ынталандыру шараларымен таныстырды.
"Creatio" құрылыс компаниясы жасыл технологияларды пайдалану арқылы өршіл архитектуралық шешімдерді іске асыру бойынша жоғары халықаралық тәжірибеге ие.
Тимур Сүлейменов компанияны қазақстандық әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды. Олардың өкілдерінің Астана қаласының және Түркістан облысы әкімдігінің басшылығымен кездесуін ұйымдастыру жоспарлануда.