Sulpak дүкендер желісінің негізін қалаушы көз жұмды

1417

Кәсіпкер бірнеше жыл бұрын Sulpak-тағы үлесін сатып жіберген. 

Sulpak дүкендер желісінің негізін қалаушы көз жұмды Фото: Facebook/Андрей Пак

Қазақстандағы Sulpak электроника дүкендері желісінің негізін қалаушылардың бірі Андрей Пак қайтыс болды. Қаралы хабарды оның қызы Светлана жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әкемізді еске алуға арналған мемориалдық кеш", – деп жазды Светлана Пак Instagram парақшасында.

Кәсіпкер бірнеше жыл бұрын Sulpak-тағы үлесін сатып жіберіп, соңғы кездері Еуропада тұрды.

Sulpak сауда желісі Қазақстанда 1992 жылы пайда болды. Құрылтайшылары Алмас Сұлтанғазин және Андрей Пак. Бренд атауы олардың фамилияларының бірінші буындарынан тұратынын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу