Sulpak маңындағы ағаштар: сот үкімі шықты

1371

"Жасыл желекті кестірді" деп айыпталған дизайнерге қомақты айыппұл салынды.  

Sulpak маңындағы ағаштар: сот үкімі шықты

Алматыдағы Алмалы аудандық соты Sulpak дүкені маңында кесілген ағаштарға қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сот "Қызыл кітапқа" енген ағаштарды кесу бойынша айыпталған дизайнер Жанна Нұртаеваны Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 55-баптың 4-бөлігін қолдана отырып, 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 4 млн 167 мың теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Ал бұған дейінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы судьядан айыпталушыға 4 жылға бас бостандығын айыру түрінде жаза кесуді сұраған. 

Алайда судья келіншектің кәмелетке толмаған балалары барын және жазаны ауырлататын жағдайдың жоқтығын ескеріп, айыппұл ғана салды.

Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Алматыдағы тұрмыстық техника сататын сауда үйінің жанында көп жылдан бері өсіп тұрған емен мен қарағаш оталған болатын. Бұл іске қатысты алматылықтар наразылық білдіріп, Мемлекет басшысы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды. Кейін Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы сауда үйінің алдындағы ағаштардың жаппай кесілуінің мән-жайын тексерді. Нәтижесінде жұмысшыларға жасыл желеті кесу туралы тапсырманы "Сакура" мердігер компаниясының дизайнері Жанна Нұртаеваға бергені анықталып, биылғы жылдың наурызында іс сотқа берілді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу