Бүтін бір отбасы мүшелерінің өлімі үшін айыпталған күйеу бала Ташкент – Куала-Лумпур – Бали бағыты бойынша Индонезия аралына жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты бірнеше қылмыстық істің мән-жайы айтылды. Бүгінгі сотта басты күдіктінің Қазақстаннан қалай қашып кеткені баяндалды.
"Тергеудің нұсқасына сенсек, С.Сәрсемәлиев екі балдызы мен ата-енесін өлтірген соң олардың атынан несие алған және жеке мүліктерін иеленген. Ол ақшаны өз керегіне жаратқан. Полиция отбасының жоғалғанына байланысты әрекет ете бастағанда, Сәрсемәлиев Атыраудан қашуды ойлаған. Сұлтан Сәрсемәлиев әйелі Ақбаян Мұқанғалиевті Қазақстанда тастап кетуі қауіпті деп санаған. Сондықтан, оны ертіп "Қапланбек" шекара бекеті арқылы Қазақстаннан Өзбекстанға өткен. 13 желтоқсан күні Ташкент – Куала-Лумпур – Бали бағыты бойынша Индонезия аралына кеткен", – деп жазады "Аtyrau today" сайты.
Осылайша, Сұлтан мен Ақбаянның Балиде екі ай жасырынғаы айтылады. Десе де, виза уақыты өткендіктен, 2026 жылдың 24 ақпанында Индонезияның көші-қон қызметі оларды ұстап, Қазақстанның органдарына тапсырған.