Сұлтанғали Кенжеқұлов "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

114

Бұл туралы "KAZAKH INVEST" ҰК" баспасөз қызметі хабарлады.  

Сұлтанғали Кенжеқұлов "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды Фото: invest.gov.kz

Директорлар кеңесінің шешімімен КЕНЖЕҚҰЛОВ Сұлтанғали Құрманғалиұлы "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасы лауазымына сайланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сұлтанғали Кенжеқұлов 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Халықаралық қатынастар саласының маманы.

Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы болып бастаған.

2006-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің атташесі, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші, бірінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.

2016-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің инвестиция жөніндегі арнаулы кеңесшісі.

2017-2019 жылдары – "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Қытай Халық Республикасындағы өкілі.

2019-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелер бойынша кеңесшісі.

2023 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу