Сұлулық салондары мен шаштараз қызметкерлерінен сары ауру анықталды

2559

Бұл мамандар Аstana mall сауда орталығында, "Ажар" және "Артем" сауда үйінде, "Ақжайық" ТК-де, сондай-ақ "Визит", "Рабиға", "Алтын" және "Дина" сұлулық салондарында косметалогиялық қызмет көрсеткен.

Сұлулық салондары мен шаштараз қызметкерлерінен сары ауру анықталды

Астанада 2018 жылы сұлулық салондары мен шаштараз қызметкерлері арасында В және С созылмалы вирустық сары аурудың 16 жағдайы анықталды, деп хабарлады Астананың денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл мамандар Аstana mall сауда орталығында, "Ажар" және "Артем" сауда үйінде, "Ақжайық" ТК-де, сондай-ақ "Визит", "Рабиға", "Алтын" және "Дина" сұлулық салондарында косметалогиялық қызмет көрсеткен.

Сонымен қатар санитарлық дәрігерлер тұрғындар арасында сұлулық салондарына барғаннан кейін туындаған дерматофития ауруының 47 жағдайын тіркеді.

Бұдан басқа, өткен жылы сұлулық салондары мен шаштараздарға (шашқа арналған бояулардың сапасына, құралдарды зарарсыздандыру сапасына) жүргізілген тексерістер нәтижесінде үш ереже бұзушылық тіркелді. Олар – "Имбир" SPA-сұлулық орталығы, Иманов көшесі, 6-да орналасқан шаштараз және "Beauty Studio LM" сұлулық салоны.

Айта кетерлік жайт, санитарлық ережелер сақталмаған жағдайда айыппұл сомасы 129 620 теңгені (қазіргі бағам - 378,73/$ 1) құрайды.

Астананың санитарлық дәрігерлері  сұлулық салондары мен косметалогия кабинеттеріне барғанда маманның лицензиясы, қолданылатын құрал-жабдықтардың сертификаты болуына, косметологиялық құралдар жиынтығына мән беру керек деп ескертеді. Сондай-ақ дезинфекция жасайтын заттардың, стерилизаторлардың қолданылу тәртібіне, медициналық кітапшалардың және В, С вирустық гепатиттерінің жоқтығын растайтын анықтаманың болуына назар аударған жөн.

Көбінесе медициналық қызметке лицензия тек ірі косметология орталықтарында ғана болады. Ал шағын ғана кеңсені жалға алып, косметологиялық қызметтерді ұсынатын мамандар лицензиясыз да жұмыс істей береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу