"Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша 2 мыңға жуық қарыз алушы 13 млрд теңгені ауыл шаруашылығын дамытуға қатысы жоқ мақсатқа жұмсаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Нақты айтқанда, мемлекет қаражатын сұлулық салондарын, сауналар мен мейрамханалар, дүкендер ашуға пайдаланған болып шықты.
Көлеңкелі экономикамен күрес жөніндегі өзінің баяндамасында ол бюджет қаражатын пайдалануға жүйелі түрде жүргізілетін мониторинг туралы айтты. Қаржыны мақсатсыз жұмсау деректері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметінде де анықталған.
"Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мемлекеттік қолдауды баю құралына айналдырып отыр, олар алған несиелерін пайыз түрінде кіріс алу үшін банктерге депозит етіп салады. Мұндай деректер Түркістан облысында 2 млрд теңгеге, Абай облысында 152 млн теңгеге анықталды", – деп атап өтті министр.
Мемлекеттік қолдауды мақсатсыз жұмсаудан бөлек ведомство өзге де схемалармен күресуде. Шағын және орта бизнес секторында салықтарды барынша азайту және төлеуден жалтару әрекеттері көп.
Мысал үшін, бір заңды мекенжай бойынша бірнеше компанияны тіркеген.
Деректерге сәйкес, тек 3,5 мың мекенжайда 20 мыңға жуық компания тіркелген, олардың салықтар бойынша берешегі 60,4 млрд теңгені құрады.