20 жасқа толмағандар арасында борыш жүктемесінің өсуін болдырмау үшін жақын арада №215 қаулы енгізілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстанда 18-21 жас аралығындағы 847 430 адам бар. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың сөзінше, олардың 136 239-ы микронесие алған, 18 638-і (13,7%) микронесиесін 90 күнде төлемеген.
Әбілқасымованың айтуынша, 20 жасқа толмаған адамдар арасында борыш жүктемесінің өсуін болдырмау үшін жақын арада №215 қаулы енгізіледі, онда мұндай қарыз алушылардың табыстары жұмыс орнынан берілген табыс туралы анықтама оқу орнынан берілетін шәкіртақы негізінде есепке алынбақ.
2024 жылдың маусымында несиелеу кезіндегі қатерді азайту мәселелері бойынша заң қабылданып, төмендегідей жаңашылдықтар көзделген:
– МҚҰ-ларға 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаларға микронесие беруге, сондай-ақ 90 күн өткеннен кейін бұрын алынған микронесие бойынша пайыз есептеуге тыйым салынды;
– жеке тұлғаның биометриялық сәйкестендіруінсіз интернет арқылы микронесие шарттарын жасасуға тыйым салынды;
– МҚҰ-лар микронесиеге түскен өтініштер туралы мәліметтерді несие бюросына нақты уақыт режимінде ұсынуға міндеттелді;
– мерзімді әскери қызметшілер үшін микронесие бойынша негізгі қарыз бен пайыздарды төлеу қызмет мерзіміне және ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнге кейінге қалдырылуы тиіс. МҚҰ микронесиесі бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті мәні 56%-дан 46%-ға дейін төмендетілді.