Сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне 934 млрд теңге жұмсалады

504

4 078 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне 934 млрд теңге жұмсалады

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 838 ауылға су тазартатын кешенді блок-модуль орнатылатынын жариялады. 

"Ел аумағында 6 341 ауыл бар. Оның 4 078-і орталықтандырылған сумен жабдықталған. 279 ауылда кешенді блок-модуль орнатылған. 1 146 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі салынып жатыр, – деді министр. 
Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, 200-ден аз адам тұратын 838 ауылға су тазартатын кешенді блок-модуль орнатылады. 

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздерінен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және қайта қалпына келтіруге 934 млрд теңге жұмсалады", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу