Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

676

Сұңғат Есімханов бұл қызметке 2018 жылғы қараша келген еді.

Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы Қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің сайтында хабарланды.  

Сұңғат Есімханов 1973 жылы 30 қарашада Павлодар облысында дүниеге келген. 1996 жылы Павлодар индустриалды институтын, 2007 жылы Қарағандының ​​"Болашақ" өзекті білім беру институтын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1996 жылы "Алюминий Қазақстан" АҚ-ның гидрометаллургиялық цехында инженер болып бастаған. 

2001-2007 жылдары Астана, Ақтау, Қарағанды қалалары бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің құрылымында маман, бөлім басшысы, департамент директоры қызметтерін атқарған.

2008-2010 жылдары Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. 

2010-2013 жылдары – "Қазақэнергосараптау" АҚ президенті болды.  

2013-2014 жылдары – ҚР  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2014-2018 жылдары – ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2018 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу