Сұңғат Есімханов "Самұрық-Энерго" АҚ басқармасы төрағасы қызметінен кетті

699

Қазақстанның ірі өндіруші компаниясы "Самұрық-Энерго" басқармасының төрағасы Сұңғат Есімханов компания басшысы қызметінен кетті және директорлар кеңесінің құрамынан шықты. Бұл туралы бүгін компаниядан хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Сұңғат Есімханов "Самұрық-Энерго" АҚ басқармасы төрағасы қызметінен кетті

Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Серік Төтебаев тағайындалды.

Төтебаев "Самұрық-Энерго"-да 2021 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істейді, 2018 жылдан 2020 жылға дейін ол Қазақстанның энергетика вице-министрі болды.

Қазір "Самұрық-Энерго" АҚ басқармасы төрт адамнан тұрады (Серік Төтебаев, Айдар Рысқұлов, Елена Ивченко және Арман Әділкеримов). Директорлар кеңесінде алты адам (Николай Казутин, Алексей Репин, Арман Қашқынбеков, Ернар Жаркешов, Рүстем Садықов және Валерий Огай).

"Самұрық-Энерго" АҚ – Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг, оның акцияларының 100%-ы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға тиесілі. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын беру, бөлу және өткізу; энергетикалық көмір өндіру.

Хабарланғандай, "Самұрық-Энерго" қайта құрылады, көмір активтері мен ЖЭК-ке және электр энергиясын бөлшек саудада сатуға байланысты активтерді бөлуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу