Мұз жамылғысының сынуы нәтижесінде көлік су астында қалды. Өкінішке орай, жүргізуші көлік салонынан шыға алмай суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Іздеу жұмысы барысында бүгін 14 қаңтарда таңертең сағат 11.00-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне шығарды.
Жұмыстарға ҚР ТЖМ күштері мен құралдары Абай облысының жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 25 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу