Алматыдағы "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндер кешені аймағында төбе егіліп кетуі мүмкін. Тұрғындар осылай деп мәселе көтерген еді. Бүгін қалалық ТЖ департаменті Қала құрылысын бақылау басқармасының мамандарын тарта отырып, комиссиялық жұмыс сапарын ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusibess.kz.
Комиссия құрамында Жайлы қалалық орта басқармасы, Жасыл экономика басқармасы, Медеу және Бостандық аудандары әкімдіктерінің аппараты, сонымен қатар, "Алматы қаласының спорт ғимараттары дирекциясы" ЖШС, "Қазселденқорғау" ММ ҚР ТЖМ, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ, "География және су қауіпсіздігі" АҚ, "Алматы гидрогеология" ЖШС, "Satbayev University" ЖШС мамандары бар.
"Сұңқар" спорт кешені 2016 жылдан бері "көшкін жүру қауіпі бар аймақ" ретінде тіркелген. 2020 жылы көшкін жүру тәуекелінің дәрежесі, ықтимал тәуекелдерді бағалау және қорғау бойынша ұсыныстар сынды барлық параметрлері көрсетілген аймақтың Паспорты жасалған. Паспорт бойынша аймақ тәуекелдің орташа деңгейіне жатады.
2016 және 2018 жылдары көктемгі нөсерлі жаңбыр кезінде аталған аймақта көшкін құбылыстары болды. 2017-2020 жылдары және ағымдағы жылдың басында көшкін жүру фактілері тіркелмеді.
Комиссия "Сұңқар" ХШТК орналасқан тау бөктерінен 200-250 м қашықтықта
"Еsentai city" тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатқанын анықтады.
Комиссия Жасыл экономика басқармасы жоспарлаған "Сұңқар" ХШТК аймағын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары бойынша 2021 жылға жоспарланған инженерлік-геологиялық зерттеу жүргізуді ұсынды. Қазіргі уақытта ЖСҚ жасауға конкурс жарияланды.
ЖСҚ жасау барысында сарапшылар тау бөктерін көшкін жүруден нығайтуды ескеретін болады. Сонымен қатар, аймақта көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі деп шешті.
Құралай Құдайберген