Қазақстанда кәсіпқой футболшы болуды армандайтын жастарға арналған "SUPER BOL" жобасының екінші маусымының кастингі Алматыда өтті. Реалити-шоуға 16 мен 23 жас аралығындағы азаматтарға қатыса алады, бірақ өз қабілетін көрсетуге негізінен жастар ниет танытқан. Кастинг бас бапкер Евгений Яровенконың қатысуымен өтті.
Жастар асыға күткен "SUPER BOL" спорттық телевизиялық реалити шоуы Қазақстанның 14 қаласын қамтиды. Жоба "QazSport" арнасынан көрерменге жол тартады. 50 финалисттің алғашқы 25-і "Қайрат" ФК кәсіби футбол базасында, екінші жартысы резервте болады. Шоуға қатысушылар үшін "SUPER BOL" өзінің арманын жүзеге асыруда таптырмас тамаша мүмкіндік.