"Сұрақ қойылды, сіз баяндама оқып отырсыз": Қошанов вице-министрге ескерту жасады

507

Парламенттің төменгі отырысында кейбір заңнамалық актілерге бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы таныстырылды.  

"Сұрақ қойылды, сіз баяндама оқып отырсыз": Қошанов вице-министрге ескерту жасады Фото: parlam.kz

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов министрлік өкіліне ескерту жасады.

Депутат Еркебұлан Мәмбетов өзінің сұрағын отырысқа қатысып отырған Денсаулық сақтау министрлігінің өкіліне жолдады.

"Заң жобасында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске енгізілетін түзетулер санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласында профилактикалық бақылау ретінде бақылаудың жаңа түрін енгізу көзделген. Алайда біз халықтың өмірі мен денсаулығына қауіпті қатердің көбеюіне алып келетін санитариялық талаптарды бұзушылықтарға қатысты халықтың көптеген шағымын жиі байқап жүрміз. Бұлар – сапасыз өнімдер, улану, шу, иіс және т.б", - деді мәжілісмен.

Халық қалаулысы санитариялық талаптардың нақты бұзушылықтары анықталған жағдайда кәсіпкерлік субъектілеріне қандай шара қолданылатынын сұрады.

"Дәрігерлердің арасында "не навреди" деген мақал бар. Осыған қарай қазіргі заңнамада әкімшілік және қылмыстық жаза бар. Олар бәрі өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар бүгін қарап отырған заң жобасында "меры оперативного реагирования" деген жаңа бақылау түрі көрсетілген. Осы шаралар өзіңіз айтқандай сапасыз өнімді, улану және тағы да басқа санитариялық талаптар сақталмаған кезде жедел түрде шешім қабылданады. Сонымен қатар заң жобасында "контрольный закуп" деген бақылау көзделген. Ол сәйкес келмейтін өнімді халыққа өткізуге жол бермейді", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ведомство өкіліне ескерту жасады.

"Жақсы. Сізге сұрақ қойылды, сіз баяндама оқып отырсыз. Депутатқа жазбаша жауап беріңіз", - деді Мәжіліс спикері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу