Кеше Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы бокстан қола медаль алған Назым Қызайбай сұхбат беріп, жылап қалған еді.
Халық журналист спортшыға психологиялық қысым көрсетті деп айыптап, түрлі пікір қалдырып жатыр.
Журналистің "қолаға қанағат етесің бе?" деген сұрағына "Әттеген-ай бар. Алтын медаль алғым келген. Енді не болса да, қолаға шүкір етеміз" деп жауап беріп, соңында жылап жіберген болатын.
"Тілшілерге сұрақ қоюды үйрету керек!", "Ұтылып келе жатқан адамға сұрақ қою дұрыс емес секілді. Сұрақтары да қисық", "Не сұрақ қолаға шүкір етесің бе деген? Қаншама жыл қола үшін дайындалмады ғой", "Не сұрақ мынау енді?, "Журналист дұрыс сұрақ қойып тұрған жоқ. Сауатты сұрақ қою керек еді, сөздің басын қола медальмен құттықтаймыз, барша қазақ сені қолдайды деп жігерлендіру қажет еді, өзі әрең тұрған боксшы қызымызды жылатып жіберді, сауатты сұрақ қойып үйренсек, құрметті журналисттер!" деп пікір жазып жатыр желі қолданушылары.