Сұраныс пен ұсыныстың теңгерімі бұзылды

767

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пандемия мұнай өнеркәсібінің көрсеткішіне кері әсер еткенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Сұраныс пен ұсыныстың теңгерімі бұзылды

"Пандемия кезеңінде мұнайға сұраныс пен ұсыныстың теңгерімі бұзылғандықтан, біз жоспарды қысқартуға мәжбүр болдық. Нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысында мұнай мен конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады. Қолданыстағы шектеулерді ескеріп, өндіру бойынша 2021 жылға арналған болжам 85,3 млн тонна көлемінде жасалды", – деді Нұрлан Ноғаев. 

Министрдің мәлімдеуінше, 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 68,6 млн тонна болды. Биыл 67,5 млн тонна мұнай экспорттау жоспарланып отыр. 
"Былтыр мұнай өңдеу көлемі 15,8 млн тоннаны құрады. Биыл 17 млн тонна мұнай өңделуге тиіс. Өткен жылдың қорытындысында мұнай өнімдерін өндіру көлемі 11,5 млн тонна болды. Биылғы 12,4  млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр", – деді Нұрлан Ноғаев. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу