Сұраныстағы азық-түлік тағамдарын өндіретін кәсіпорын ашылады

762

Сұраныстағы азық-түлік тағамдарын өндіретін кәсіпорын ашылады

Павлодар облысында Қазақстан нарығында пайдалану, сондай-ақ Ресей мен Қытайға экспорттау үшін сұраныстағы азық-түлік тағамдарын өндіретін кәсіпорын ашылады.
Облыс әкімдігі хабарлағандай,  қазіргі уақытта Польшаның қаржы институттарымен және Польша мен РФ әлеуетті серіктестерімен уағдаластыққа қол жеткізілді.  Жобаның жалпы бағасы 144 млрд. теңге, оның ішінде 80% поляк инвестициясы.

"Бағдарламаның негізгі мәні - Қазақстанға поляктардың озық технологиясын, жабдықтарын, техникасын, мамандарын тарту. Жерді суаруды қайта реттеуді жоспарлаудамыз, аталған жер Қазақстан су шаруашылығы басшыларымен және Сәтбаев атындағы каналдың басшысымен келісілді. Бұл жерде жемшөптік дақылдар, қант қызылшасын, көкөністер, күнбағыс, бау-бақша және жеміс-жидек дақылдарын егу, сондай-ақ қойма құрылысы, соның ішінде мұздатқыштар орнату, қант және май, ет өнімдерінің зауыты, кептірілген және тоңазытылған жеміс-жидектерді, түйіршіктелген жемді, қаптамаларды өндіру жоспарлануда",- деді "Агроқала" ЖШС бас директоры Николай Карташев.

Жоба бастамашысы болашақта Польша мен Павлодар оқу орындарының базасында оқыту орталығын  құруды жоспарлап отыр.

Кездесу барысында облыс әкімі Болат Бақауов инвесторға  мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.

Облысымыздың әр ауданында аграрлық колледждер бар, оның бірін сенімді басқаруға бере аламыз. Осының негізінде мамандарды дайындау барысында еуропалық үлгідегі дипломды алуға мүмкіндік беріледі.

Инвестор жобасын іске асыру үшін аймақ басшысы өзінің орынбасарларына аталған жобаны жан-жақты зерттеп білуді тапсырды. Жобаның бірінші кезеңі Екібастұз қаласынан басталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу