Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті

115

Бұл – еліміздің спорт қауымдастығы үшін орны толмас ауыр қайғы.

Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті Фото: instagram.com/sport_comiteti

Сурдо жеңіл атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Фархад Қыстаубаев өмірден өтті. Бұл туралы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Фархад Қыстаубаев Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.

Ол 2022 жылы Бразилияда өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында онсайыстан чемпион атанып, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері ретінде ел намысын абыроймен қорғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу