Суретшілерге мүмкіндік: Астанада мурал салуға өтінім қабылданады

256

Астананың Алматы ауданы әкімдігі қала көшелерін көркем безендіруге атсалысатын суретшілер мен граффити шеберлерін бірлескен жобаға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Суретшілерге мүмкіндік: Астанада мурал салуға өтінім қабылданады Фото: ЖИ

Шығармашылық өкілдері ғимараттардың қабырғаларына салынатын жаңа муралдардың эскиздерін ұсына алады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жобаға қатысу үшін үміткерлер екі қадамды орындауы керек:

1. Мурал немесе граффити эскизін әзірлеу.

2. Жұмыстың идеясын түсіндіріп, онда қандай бейне мен мағына көрініс табатынын сипаттау.

Ұсынылған жобалар іріктеліп, тиісті келісім алынғаннан кейін мурал салынатын орын белгіленеді.

Қосымша ақпарат алу үшін Алматы ауданы әкімінің кеңесшісі Аяна Қанатқа 8 708 928 80 30 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу