Sotheby's аукцион үйі Нью-Йоркте суретшінің бір картинасын бәссаудаға салды. 1890 жылы салынған француз импрессионизмінің негізін қалаушы, атақты суретшінің туындысы рекорд бағаға – 110,7 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды ТРТ.
Картинаны сатып алған адамның аты-жөні жарияланбады.
Клод Моненің бұдан бұрынғы ең қымбат сатылған картинасы Nympheas en fleur ("Лалагүлді тоған") болатын. Картина 2018 жылдың мамыр айында 84,7 миллион долларға бағаланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу