Сүт бір жылда 10%-ға қымбаттаған

1575

Әрбір қазақстандық орта есеппен сүт сатып алуға күніне 100 теңгеден артық ақша жұмсайды. 

Сүт бір жылда 10%-ға қымбаттаған

Ел тұрғындарының сүт өнімдеріне шығыны бір жылда 10%-ға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтар-мамырда өңделген сүт пен кілегей өндірісі 253,1 мың тонна болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға артық.

Сүт және сүт өнімдерінің үштен екісі: Солтүстік Қазақстан (78,5 мың тонна), Алматы (44,8 мың тонна) және Ақмола (38,9 мың тонна) облыстарына тиесілі. 

Өндіріс көлемі Қостанай облысы (29,1 мың тонна) және Алматыда (19,5 мың тонна) айтарлықтай өскен.

2021 жылғы мамырда тұтынушылар үшін сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 8%-ға артқан, ал сүт 10%-ға қымбаттаған. 

Осы жылы маусымда Қазақстанда майлылығы 2,5% болатын пастерленген сүттің бөлшек сауда бағасы 249 теңге, майлылығы 3,2%-4% болатын сүт 300 теңге болды. Мысалы, өткен жылы майлылығы 2,5% болатын пастерленген сүт бағасы еліміз бойынша орта есеппен – 252 теңге, майлылығы 3,2%-4% болатын сүт 268 теңге болған еді.

Осы жылы бірінші тоқсанда халықтың сүт өнімдеріне тұтыну шығыны жан басына шаққанда орта есеппен 9,6 мың теңге болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға жоғары.

Халықтың азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға шығыны жалпы жан басына шаққанда орта есеппен 5,5%-ға өсіп, 90,2 мың теңгеге дейін өсті.
Сүт өнімдерінің шығыны бір жылда 10,1%-дан 10,6%-ға дейін көтерілді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу