Сүт одағы отандық балмұздақ өндірушілерге көмектеспек

2627

Бұл үшін өндіруші салалық бірлестікке мүше болуы керек. 

Сүт одағы отандық балмұздақ өндірушілерге көмектеспек

Қазақстанның сүт одағы отандық балмұздақ өндірушілерге тауарының сапасын арттыруға көмектесуді ұйғарды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Бұл үшін өндіруші салалық бірлестікке мүше болуы керек. Осылайша, бір жағынан одаққа кіретін сүтшілер өз өнімін өткізетін жаңа клиенттерге қол жеткізеді. Ал басқа жағынан балмұздақшылар өз қуаттылықтарын толығырақ жүктеу үшін қосымша отандық шикізат көздерін таба алады. Қос бизнестің күш біріктіруі отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтағы тұғырларының беки түсуіне, бәсекелестікте жаңа жеңістерге жетуіне жол ашуға тиіс.   

"Біз еліміздегі сүт өнімін тұтынушыларды отандық өндіріс өнімдерін таңдауға ынталандыруға және қазақстандық нарықты сапасы жоғары әрі заңды түрде жасалған жергілікті тауарлармен молықтыруға күш салудамыз. Бизнесінің 70%-ы балмұздақ өндірумен байланысты болып келетін "Шин-Лайн" кәсіпорны біздің одақтағы жаңа секцияны ашып отыр. Біз енді тәжірибе алмасуға, сараптамаға, Қазақстандағы балмұздақ өндірісінің сапасы мен қауіпсіздігіне екпін түсірмекшіміз", – деп түсіндіреді саладағы өзгерістерді сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевников.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу