Сүт өнімдері бір жылда 29%-ға қымбаттады

796

Елімізде сүт өнімдерінің өндірісі бір жылда 1,2%-ға өсті. 

Сүт өнімдері бір жылда 29%-ға қымбаттады Фото: Dairynews

Биылғы наурыз айының қорытындысы бойынша сүт өнімдері бір жылда бірден 29,1%-ға қымбаттады, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында бағалар айтарлықтай өсті: 41,8%. Антилидерлер қатарында Қызылорда облысы (33,7%-ға) және Астана (32,4%-ға) орналасқан. Сүт өнімдерінің бағасы Ақмола (22,9%-ға) және Ұлытау (25,1%-ға) облыстарында, Алматыда (25,2%-ға) бір жылда ең аз қымбаттады. 

2022 жылғы 12 айда сүт және сүт өнімдерін орташа тұтыну жан басына шаққанда 226 келіні құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,1%-ға аз.

Сүт пен сүт өнімдерін Ақмола облысының тұрғындары көп тұтынған: жан басына шаққанда 267,1 келі. Одан кейінгі орында Астана мен Алматы қаласы орналасқан: тиісінше жан басына шаққанда 259 келі және 253,7 келі. Ең төмен көрсеткіштер Шымкент пен Қызылорда облысында тіркелді: жылына жан басына шаққанда 138,1 келі және 183,8 кг.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу