Сүт өнімдерін ұрлаған тұрғын ұсталды

685

Қызылорда облысы Қазалы полиция бөліміне аудан тұрғыны орын алған ұрлық дерегі туралы арызданған.  

Сүт өнімдерін ұрлаған тұрғын ұсталды

Қызылордалық полицейлер сүт өнімдерін ұрлаған облыс тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Қазалы полиция бөліміне аудан тұрғыны орын алған ұрлық дерегі туралы арызданған. Оның айтуынша, мекеме ғимаратынан  белгісіз біреу 100 келі сүт өнімдерін ұрлаған.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 35 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Айғақ зат тәркіленді. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және жеке мүлікті сақтау үшін қажетті шаралар қабылдауға шақырады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу