Сутегімен жүретін алғашқы пойыз жолға шықты

1652

Пойызды франциялық Alstom компаниясы Германияның Зальцгиттер қаласында құрап дайындаған.

Сутегімен жүретін алғашқы пойыз жолға шықты

Жексенбі күні Германияның Бремерферд қаласында тұңғыш рет сутегімен жүретін пойыз сыннан өтті. Ал бүгін ол қалыпты маршрут жағдайында Куксхафен, Бремерхафен, Букстехуда қалаларына басып өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс Dw.de сайтына сілтеме жасап.

Coradia iLint деп аталған пойыздың жылдамдығы – сағатына 140 шақырым. Бір рет сутегі толтырып құйып алса, мың шақырымға дейін тоқтаусыз жүре береді. Сутегі құйылған цистерна пойыздың төбесіне орнатылған. Судың эенергеиясы мен айналаға қауіпсіздігі қатаң бақылауда.

Пойызды франциялық Alstom компаниясы Германияның Зальцгиттер қаласында құрап дайындаған.  Немістер "2021 жылы мұндай пойыздың 14-і жүйткіп жүреді даламызда" деп жоспар құрыпты. Жердегі көлік қатынасы министрлігінің мәліметінше, елдегі барлық пойыз сутегімен жүргізіледі екен болашақта. Осы мақсатта 81,3 млн евро бөлінгенге ұқсайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу