Сүттің бағасы шарықтап барады

2154

Ел індетке шалдығып, әлемде карантин жариялаған уақытта азық-түліктің бағасы да шарықтады. Соның ішінде сүт өнімдері де елімізде қымбаттай түскен. 

Сүттің бағасы шарықтап барады

Былтыр сүт пен қаймақты өндіру көрсеткіші айтарлықтай артып, жылына 7,5%-ға ұлғайған. 2020 жылы 598,5 мың тонна өңдеуден өткен сүт пен кілегей өндірілген, – деп жазады energyprom.kz

Жалпы сүт өнімдерінің бағасы бес жыл қатарынан өсіп келе жатқанын байқауға болады. Әсіресе 2018 жылы баға бірден 11,4%-ға артқан.

Қайта өңдеуден өткен сүттің 32%-ын Солтүстік Қазақстан облысы шығарған. Содан кейін Алматы облысы 98,9 мың тонна және Ақмола облысы 94,9 мың тонна сүт өндірген.

Қазақстанның қалаларында шикі сүттің бағасы бір жылдың ішінде 9,8%-ға өсіп, литрі 243,7 теңгеге дейін жеткен.

Майлылығы 2,5%-ті құрайтын пастерленген сүттің бағасы – 6,5%-ға, майлылығы  3,2%-дығы — 7,9%-ға қымбаттаған.

Қазіргі таңда сүтті тұтыну Қазақстанда азайған. Бұған сүт өнімдерінің қымбаттауы да әсер еткен. 2020 жылдың үшінші тоқсанында әрбір қазақстандық орташа есеппен 4,6 литр сүт тұтынған, бұл алдыңғы жылдың осы кезеңдегі көрсеткіштен 1 литрге кем. 
Ауыл тұрғындары орташа есеппен 8 литр сүт  тұтынған. Бұл да 2019 жылдың көрсеткішінен қарағанда 2 литрге аз. Қалалық жерде сүтті тұтыну көрсеткіші 163 грамға азайып, бір тұрғынға орта есеппен 2 литрден келген. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу