Suzuki Мьянмадағы өндірісін уақытша тоқтатты

682

Компанияға елдегі жаңа автомобильдер нарығының шамамен 60% тиесілі.

Suzuki Мьянмадағы өндірісін уақытша тоқтатты

Жапонияның Suzuki компаниясы әскери төңкеріс болған Мьянма еліндегі екі зауытының жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.
Басшылық бұл шешімді кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылдаған. Зауыттар жұмысының қашан басталатыны елдегі жағдай қалыпқа келгеннен кейін белгілі болады. 

Suzuki-ге Мьянмадағы жаңа автомобильдер нарығының шамамен 60% тиесілі. 2019 жылы компания бұл елге 13,2 мыңнан астам жеңіл көлік сатқан болатын. Suzuki Мьянма территориясында жылына 40 мың автомобиль шығаратын үшінші зауытын ашуға ниетті екенін жариялаған еді.

Еске сала кестек,1 ақпандағы төңкеріс барысында Мьянманың мемлекет басшылары ұсталғаннан кейін, әскерилер бір жылға төтенше жағдай жариялаған еді. Елдегі "демократияны қолдайтын Ұлттық лига" деп аталатын жетекші партияның өкілі Мио Ньюнт Мьянма көшбасшысы, мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжи, сондай-ақ ел президенті Вин Мьин қамауға алынғанын айтқан болатын. Ньюнттің сөзінше, ұсталғандардың қатарында аймақтардағы партия өкілдері мен бірқатар шенеунік бар.

Әскерилер әзірге вице-президент Мьинт Швені елдің президенті етіп уақытша тағайындады.

Табиғат Нұрболат

Фото: dntghana.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу