Suzuki Мьянмадағы өндірісті қайта бастайды

828

Бұған дейін екі зауыттың жұмысы уақытша тоқтаған еді.

Suzuki Мьянмадағы өндірісті қайта бастайды

Жапонияның Suzuki компаниясы Мьянмадағы екі зауытының жұмысын 4 ақпанда қайта бастайды. Бұл туралы Kyodo хабарлады.

Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта қызметкерлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Кәсіпорындар орналасқан Янгондағы қоғамдық көліктер әдеттегі режимде жүріп жатыр. Ол жерде 400-ге жуық адам жұмыс істейді.

Suzuki-ге Мьянмадағы жаңа автомобильдер нарығының шамамен 60% тиесілі. 2019 жылы компания бұл елге 13,2 мыңнан астам жеңіл көлік сатқан болатын. Suzuki Мьянма территориясында жылына 40 мың автомобиль шығаратын үшінші зауытын ашуға ниетті екенін жариялаған еді.

Еске сала кестек,1 ақпандағы төңкеріс барысында Мьянманың мемлекет басшылары ұсталғаннан кейін, әскерилер бір жылға төтенше жағдай жариялаған еді.Олар 400-ге жуық адамды босатты. Бірақ жетекші партияның басшылығы мен оның  жетекшісі Аун Сан Су Чжи әлі де үй қамағында.

Табиғат Нұрболат

Фото: dntghana.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу