Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (ХААФ) допинг сынамаларында тыйым салынған препараттар табылған үш ауыр атлетімізге қатысты санкция қолдану туралы ресми шешім шығарды, деп хабарлады inform.kz.
ХААФ тәртіптік комиссиясының шешіміне сәйкес Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло спорттан 2 жылға, ал Светлана Подобедова 8 жылға шеттетілді. Шешім Лондондағы Олимпиаданың допинг сынамасын талдау нәтижесінен тыйым салынған заттар табылған сәттен, яғни 2016 жылдың 26 мамырынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының жәрдемімен спортшылар өздерінің олимпиадалық емес жетістіктері, титулдары мен наградаларын қорғап қалды.
Айта кетейік, федерацияның бастамасымен құрылған зертханалық талдау және спорттық құқық саласындағы адвокаттар мен мамандар тобы бірнеше ай аралығында Қазақстан спортшыларының талдауын егжей-тегжейлі зерттеді және атлеттерге тергеу мен сот үдерісінің барлық кезеңіне қолдау көрсетті.