Сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған Ыстамбұл мэрі қамауға алынды

165

Оған тағы қандай айыптар тағылды?

Сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған Ыстамбұл мэрі қамауға алынды Фото: 1news.az/

Ыстамбұл соты қаланың мэрі Экрем Имамоғлуды қамауға алды, деп жазады inbusiness.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.

Ыстамбұл прокуратурасы оған бірнеше бап бойынша айып тақты, соның ішінде қылмыстық ұйымды басқару, оған қатысу, парақорлық және алаяқтық айыптары бар. Мэр бұл айыптарды жоққа шығарады.

Имамоглудың ұсталуы оппозиция оны 2028 жылға жоспарланған президент сайлауына кандидат ретінде ұсынудан бірнеше күн бұрын болған.

Айта кетейік, 19 наурызда оппозициялық мэрдің қамауға алынуы наразылықтар мен лираның құнсыздануына әкелді. Тыйымдарға қарамастан, жұма кешінде ірі қалаларда демонстрациялар өтті. Ел бойынша 300-ден астам наразылық білдіруші ұсталғаны хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу