Сыбайлас жемқорлық: мемлекетке 4,6 млрд теңге шығын келтірілді

626

Оның 3,8 млрд теңгесі қайтарылды. 

Сыбайлас жемқорлық: мемлекетке 4,6 млрд теңге шығын келтірілді

"AntikorLive" алаңында өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажанов өткен 10 айда анықталған заң бұзушылықтарды тізбектеді. 

"Біз ұдайы жедел іздестіру, тергеу жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Олардың нәтижесінде өткен 10 айда 518 қылмыстық іс қаралды. Оның 256-сы ауыр және өте ауыр қылмыстар. Бұл істердің 190-ны сотқа жіберілді. Бұған қоса 217 жаңа қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның 77-сі сыбайлас жемқорлыққа қатысты істер. Бұл істер бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі 4,6 млрд теңгені құрады. Оның 3,8 млрд теңгесі қайтарылды", – деді ол. 

Сонымен қатар Алматы облысында пара алу немесе беру фактісі бойынша 113 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның 32-сі түрлі мекемелердің басшылары. 

"Атап айтсақ, бұлардың қатарында 1 республикалық, 7 облыстық, 21 қалалық және аудандық ұйымдардың жетекшілері мен 3 ауыл әкімі бар. Сондай-ақ, облыста жүйелі түрде жемқорлықпен айналудың 15 фактісі, 85 заң бұзушылық тіркеліп, 59 адам жазаланды", – деді Ернар Мақажанов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу