Сыбайлас жемқорлық субъектісі болатын тұлғалар қатары көбейді

817

Енді мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлер сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарында болады.   

Сыбайлас жемқорлық субъектісі болатын тұлғалар қатары көбейді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов осылай деп мәлімдеді. 

"Квазимемлекеттік секторда сыйбайлас жемқорлық субъектісі болатын тұлғалар қатары көбейді. Енді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын, мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын жобаларды іріктеуге жауапты квазимемлекеттік компаниялар салалық бөлім басшылары  сыйбайлас жемқорлық субъектісі болып табылады. Бұдан былай олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды және мұндай құқық бұзушылық орын алған жағдайда оларға жауапкершілік күшейтіледі", – деді Олжас Бектенов.

Еске сала кетсек, бұған дейін мұндай нормалар квазимемлекеттік компаниялардың тек бірінші басшыларына қатысты еді. Аталған заң нормалары күшіне енген соң сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарында болатын жауапты тұлғалар қатары артады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу