Сыбайлас жемқорлық үшін 24 адамға айыппұл салынды

562

Айыппұл сомасы - 9 миллион теңге.  

Сыбайлас жемқорлық үшін 24 адамға айыппұл салынды Фото: egov.kz

Маңғыстау облысында өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзғаны үшін бірқатар шенеуніктерге айыппұл салынды, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"Квазимемлекеттік секторда ҚР заңнамасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген. Соған қарамастан 17 басшы кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқан. Олардың ішінде 10 мектеп директоры, 4 мемлекеттік қызметкер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға тиесілі кәсіпорындардың 3 басшысы бар. Заңсыз кәсіпкерлік есебінен 17 миллион теңге тапқан квазимемлекеттік сектор басшыларының бірінің табысы мемлекет кірісіне тәркіленді", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басқарма басшысы Қайрат Байгебаев.

Мемлекеттік органдардың 4 басшысы өздеріне ведомстволық бағынысты мекемелерге тағайындалған кезде мүлік және міндеттемелер туралы декларацияның тапсырылуын қамтамасыз етпеді. Бұдан басқа, лауазымды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін екі адам жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, Құрық портының басшысы жауапкершілікке тартылды. Ол бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу