Антикор ағайынды Нығматулиндердің тергеліп жатқанын растады

867

Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулин мен інісі Ерлан Нығматулин тергеуге алынғанын растады, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Антикор ағайынды Нығматулиндердің тергеліп жатқанын растады

Тelegram-арналардың бірінде Нұрлан Нығматулин мен сыңары Ерлан Нығматулиннің тергеліп жатқаны туралы мәлімет тараған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі аталған ақпараттың растығын мәлім еті. Бірақ тұлғалардың қай күні тергеуге алынғаны туралы хабарланбады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ.М.Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын тіркеді. Арыз берушінің уәждері тергеу барысында тексерілетін болады. Өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", – деп жазылған агенттік мәліметінде.

Биылғы ақпан айында ҚР Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісіне Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізген болатын. Ал наурыз айында Н. Нығматулин сол кездегі "Nur Otan", қазіргі "AMANAT" партиясының Саяси кеңесінен шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу