Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалды ісіне қатысты ақпарат берді

570

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қайрат Сатыбалдыға қатысты тергеу шаралары туралы қосымша ақпарат берді, деп жазды inbusiness.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалды ісіне қатысты ақпарат берді

"Агенттікте қазір бірқатар резонанстық істер қаралып жатыр. Менің түсінуімше, Қайрат Сатыбалдыға да қатысты қылмыстық істер бар, көлік қызметі орталығымен байланысты жекелеген эпизодтар бар. Бұл істер қазір тергеліп жатыр, Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға да қатысты бөлек тергеу бар. Олар әлі аяқталған жоқ. Түрлі сараптамалар тағайындалды. Тергеу толыққанды жүріп жатыр", – деді спикер.

Бұл ретте агенттік төрағасының орынбасары қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес тергеудің кей тұстарын жариялауға болмайтынын атап өтті. 

"Оған түсіністікпен қарауды сұраймыз. Мұндағы мақсат кейбір эпизодтарды жасыру немесе кейбір фактілерді жою емес, дәлелдерді толық жинау және бекіту үшін алдағы тергеу әрекеттеріне зиян келтірмеу. Сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтары бар. Тергеу аяқталған жоқ. Іске қатысты әр түрлі адамдар бар. Олардың негізгі құқықтық актілерде бекітілген құқықтарын бұзбау үшін осыны айтып отырмыз", деді Ұлан Сарқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу