Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындалып, бұрынғы атқарған қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Президент өкімдерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды.
Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары қызметіне;
Шыңғыс Қайыпұлы Қабдула Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне;
Нұрлан Аманкелдіұлы Шабдар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.