Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

569

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті Фото: akorda.kz

Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлау алды бағдарламасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелердің орындалуы, сондай-ақ, кеден, құрылыс салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспарды жүзеге асыру барысы қаралды.

Атқарылған жұмыстар жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің есептері тыңдалды.

Ерлан Қарин сыбайлас жемқорлықпен күрес Мемлекет басшысы басымдық беріп отырған негізгі бағыттың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар бұл тараптағы жұмыс Қазақстан қоғамын жаңғыртуға бағытталған реформаларды тиімді іске асыруға септігін тигізетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу