Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы ұсталды

380

2025 жылғы 4 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаевтың ұсталғаны белгілі болды.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы ұсталды Фото: elmedia.net

Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2025 жылғы 3 шілдеде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1), 2) тармақтары (азаптау) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Татубаев Т.М.-ны ұстады", – делінген таратылған хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілуге жатпайды.

Талғат Татубаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросын 2016 жылғы қыркүйектен 2018 жылғы маусымға дейін басқарған. 2018 жылғы шілдеде Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болып тағайындалып, бұл қызметті 2019 жылғы мамырға дейін атқарды. 2020 жылдан 2022 жылғы наурызға дейін ҚР Әділет министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу