"Асқар Маминге келер болсақ, мен бірден айтамын, қазір оған қатысты қылмыстық іс жоқ", – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов.
Еске сала кетсек, 5 қаңтарда елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына арналған кеңес барысында бұрынғы Премьер-министр Асқар Мамин отставкаға кету туралы өтініш бергені белгілі болды. Ол 2019-2022 жылдар аралығында Министрлер кабинетінің басшысы қызметін атқарған.