Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қоғамдық кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

405

Бұған дейін бұл қызметті Дархан Қыдырәлі атқарған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қоғамдық кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысында Марат Бәшімов кеңес төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Антикорға сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл қызметті "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ Басқарма Төрағасы Дархан Қыдырәлі атқарып, басқа лауазымға тағайындалуына байланысты өкілеттігін тоқтатқан болатын.

Сонымен қатар Марат Бәшімов кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары.

Өз кезегінде Қоғамдық кеңестің жаңадан тағайындалған төрағасы әріптестеріне сенім білдіргендері үшін алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін хабарлады.

Сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды жемқорлыққа қарсы күрестен тыс қалмауға және жемқорлықтың барлық белгілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарлауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу