Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың жұмысы қайта жанданады

838

Енді сараптаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте тәжірибесі бар мамандарға жүргізу ұсынылып отыр. Тіпті, арнайы құзырлы орган құрылуы да мүмкін.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың жұмысы қайта жанданады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жаңа форматта қайта жандандырылмақ. Енді ол заң жобалары мен нормативтік-құқықтық актілерге ғана емес, квазимемлекеттік сектордағы барлық қаулыларға да қатысты болады, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұған дейін мұндай сараптаманы лингвист-сарапшылар жүргізген. "Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар өз тиімсіздігін көрсетті", – деп санайды Ұлттық бюродағылар.

"Құрылым келісімнен өтіп жатқан кезеңде бюджет қаражатын үнемдеуге және сақтауға мүмкіндік береді. Бірақ 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы заңнамалар мен заң жобаларын ғана емес, заңға тәуелді актілерді де қамтуы тиіс. Олардың саны, шамамен, 4 мыңға жуықтайды", – дейді ҚР МҚІСЖҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу