Сыйымдылығы шағын полиэтилен пакеттерді сатуға тыйым салынады

1708

 Пластикалық пакеттер қоршаған ортаны ластайды.

Сыйымдылығы шағын полиэтилен пакеттерді сатуға тыйым салынады

Қазақстан аумағындағы бөлшек саудада сыйымдылығы кішкентай полиэтилен пакеттерді пайдалануға тыйым салынбақ, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Бірінші кезеңде полиэтилен пакеттерді тегін таратуға шектеу қойылады. Ал екінші кезеңде олардың ел аумағында сатылуына толық тыйым салынады.

Полиэтилен пакеттерді пайдаланудағы бұл шектеу мәселені жан-жақты әрі егжей-тегжейлі зерттеуден кейін енгізіледі.

Айта кетсек, полипропилен толығымен жойылуы үшін 100 жылдан астам уақыт қажет екен. Пластикалық фрагменттер полихлорланған бифенилдер мен полициклді көмірсутектер сияқты зиянды заттар бөледі. Осылайша, пластикалық пакеттер қоршаған ортаны ластайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу